Исполнитель: Жақау
Песня: Қарттың қайғысы (Минус) [vk.com/adaistan05]
Добавил: Гость
Жақау – Қарттың қайғысы (Минус) [vk.com/adaistan05] 0
Тұла бойын алдыртып алған ба салқынға?!
Бір жөтеліп бір қақалып оған анық,
Ұл қызы келмейді бұл әлем жарық.
Оған көктен қараңғы көрсем деп баламды,
Алысқа көз тастайды көз алды тұманды.
Қойнынан айырмайды кітабы Құранды,
Қос жанардың нұры кітаппен нұрланды.
Ыңырсып жыланды, бір нәрсе еске түсті,
Ұл қызының дінсіздігі күйдіріп келеді ішті.
Жасаған амалдарымен сұраққа тартылады,
Деп іштей күйініп, күйіктен жылады.
Кім бар оның қасында оны жұбататын,
Есі түзу адамнан естелік көп жылататын.
Төрінен көрі жақын сезеді,
Калимасын қайталайды келеді деп кезегім.
Өртеніп өзегі күндер қайда деп кешегі,
Қызықты сәттерімен өмірін өлшеді.
Түкте көрінбейді сол сәттегі суретте,
Суреттегі ұл қызы кәрі әкесін тастап кеткен.
Қайырмасы:
Олар жылайды неліктен?
Кім оларды кеміткен?
Түсіріп тастағанба,
Бақыт атты көліктен?
Ұл қызыма еріккен?
Надандықты қайтесін,
Ертелі кеш сан ұрпақтар, түсіне жатар қатесін.
2.
Жылдар да жылытпады, бар еді бір ұққаны,
Тағдыр оны қарттардың үйіне құлыптады.
Ескі ғимарат, қала шетінде қалып қойған,
Қала тұрғындары үшін өзінің күшін жойған.
Әлгі қарт, сол ғимараттын тұрғыны,
Ол үшін мәнсіз сонда өткен әр күні.
Сарғайған сағыныш, ол сағыныш немереге,
Сондықтан шығар, бәлкім байланған терезеге.
Келер деп үмітпен көшеге көз жүгірткен,
Нәрестелердін дауысы жүрегін оның жібіткен.
Көшеде күлімдеген көрсем деп тірім де мен,
Ең болмаса немеремді өмірімде білінбеген.
Қол созады терезеден сонау көшеге,
Осы бір сағыныш байкалған кешеде.
Кей сәтте ұйқыдан жыланып тұратын,
«Ата ата мен келдім» бұл оның түсі болатын.
Ақиқатында оның ұл қызы қайтыс болған,
Бұл суық хабар жетпеген әлі оған.
Жетімдер үйі қабылдапты немересін,
Өмір деген сол кінәні кімнен көресін.